![«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 85-395 әскери бөлімінде оқу-жаттығу жиыны өткізілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71396.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жамбыл облысындағы жиын Қорғаныс министрінің әскерилердің жауынгерлік дайындық қарқынын күшейту, оқу-үйрену процесін жаңа мазмұнмен толықтыру туралы нұсқауы негізінде ұйымдастырылды.
Әзірлік әскери бөлімге дабыл белгісі түскен уақыттан басталды.
Мұнан соң бұл ақпар сарбаздарға және лауазымды тұлғаларға жеткізілді.
Осыған сәйкес әскерлердің іс-қимылын бақылау, жеке құрамның қару-жарақ алуы және әскери техникалардың белгіленген жерге шоғырлануына дейін пысықталды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 85-395 әскери бөлімінде оқу-жаттығу жиыны өткізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38398/)