![Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы ең жоғары жалақы - 750 мың теңге](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71428.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оның айтуынша, ең көп жалақы басқарма мүшелерiнде - 750 мың теңге. Салығы бар, өзгесi бар шамамен қолдарына 600 мың алады.
«Олар негізінен iрi бизнесi бар адамдар, сондықтан 500 мыңнан астам қаражатпен еш таңқалдыра алмайсың», - деп қосты төраға.
Ал, палата мен департамент директорларының жалақысы жарты миллион теңге болса, сарапшылар 300 мың теңге алады.
Сондай-ақ, төраға палатаның 6 миллиард теңгесінің қайда жұмсалғаны туралы есеп берді.
Оның 60 пайызы жалақы мен салыққа кетсе, 12 пайызы кеңсе жалдауға, 10-12 пайызы қарыз өтеуге, 2 пайызы - iс-сапарларға, тағы 2 пайызы - кеңсе тауарларына, 5 - пайызы техника мен жиһаз сатып алуға жұмсалған.
Аргентина ЖӘНІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы ең жоғары жалақы - 750 мың теңге&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38463/)