Павлодарлық Алексей Ромадин 42 жылын токарлық кәсіпке арнаған айтулы шебер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық Алексей Ромадин 42 жылын токарлық кәсіпке арнаған айтулы шебер

14.01.2015
Павлодарлық Алексей Ромадин 42 жылын токарлық кәсіпке арнаған айтулы шебер

Сырттай Алексей Ромадинді зейнет жасындағы адам, деп айту қиын. Жұмысқа өте ширақ. Шебердің пікірінше бұл үнемі қимыл-қозғалыста болудың нәтижесі.

«Ескі станок көзге де, көңілге де ыстық. Екеуміз қоса қартайдық. Әскери борышымды өтеп келіп, жұмысқа қабылданғанда жасым 20-да болатын. Сол кезден су жаңа осы станокты игеріп, токарлық мамандықтың қыр-сырын үйреніп келемін» - дейді Алексей Ромадин.

Алексей Ромадин кәсіпорынға 1973-ші жылы жұмысқа қабылданған. Одан кейін еңбек озатын марапаттаулар тізбектеледі. Еңбек кітапшасында бұдан басқа жазу жоқ.

Алексей үшін уақытпен санаспай белгіленген мерзімнен артық жұмыс істеу дағдыға айналып кеткен.

Бірақ, ол үшін қосымша қаржы талап етуді ерсі санайды. Онсызда жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында сыйақы алады.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу