![«Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт мейрамына орай шара өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71461.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл сөз соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіліп қойылған.
Мұсылман әлемінде кеңінен аталып өтетін мейрам бір ай тойланады. Яғни, 30 күн бойы жамағат Алла елшісінің қадір-қасиетін мадақтап, оған шексіз салауаттар айта алады.
Ал, қасиетті жұма күні мешітке жиналған он мыңнан астам мүмін мәуліт оқыды.
Нұрлы мерекенің шуағы ретінде жиналған қауымға Пайғамбарымыздың сүйікті жемісі – құрма таратылды.
Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ наиб мүфтиі, «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы:
Мәуліт мерекесінің құрметіне Пайғамбарымызға салауат айтқан адамға Алланың періштелері оған 10 рет жақсы тілек тілейді екен.
Ақ дастарқанын жайып, үйінде білген дұғасын оқып, құран-сүрелерден және осындай Пайғамбар салауаттарынан көптеп оқитын болса, сол үйге періштелер көптеп жиналып, сол отбысының тілегі, ниеті қабыл, мұраты асыл болады екен.
Ләззат БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт мейрамына орай шара өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38529/)