![Жамбыл облысында «Ан-2» ұшағы апатқа ұшырады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71498.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оқиға түстен кейін 5-тер шамасында болған. Қарағанды облысынан ұшып шыққан әуе кемесі облыстағы Шатыркөл кен орны маңында құлады.
Бортта 7 адам болған. Оның алтауы қаза тапты. Үшеуі - экипаж мүшесі. Бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Ұшақ «Қазақмыс» компаниясына тиесілі.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында «Ан-2» ұшағы апатқа ұшырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38600/)