![Әкімшілік құқық бұзушылардан өндірілген айыппұл көлемі 60 пайызға артқан](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71542.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың айтуынша, бұл – құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын енгізудің жемісі.
Нәтижесінде, мемлекет қазынасына 60 миллиард теңге түсті.
Сондай-ақ, қазір кәсіпкерлікті жаппай қолдау, заңсыз тексерістерге тосқауыл қою жөніндегі жұмыстар да жалғасуда.
Прокурорлар бүгінге дейін 10 мың кәсіпкердің құқын қорғап, заңды бұзған 900-дей мемлекеттік қызметкерді жауапқа тартқан.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әкімшілік құқық бұзушылардан өндірілген айыппұл көлемі 60 пайызға артқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38681/)