![«Қазпочта» қызметінің сапасы сын көтермейді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71587.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мұндай мәселелерді Мәжілістің жалпы отырысында депутат Алмас Тұртаев көтерді.
Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевке жолданған депутаттық сауалда «Қазпоштаның» нәтижесіз жұмысы сөз етіледі.
Мекеменің аймақтағы қызметкерлері бар-жоғы 5 мың теңге көлемінде жалақы алатындығы айтылған.
Ал, орталық аппараттағыларға 10 есе жоғары ақша төленсе, басшылық сыйақы, түрлі бонустардан кенде емес.
Сорақысы – соңғы кездері пошта арқылы жіберілетін заттардың жоғалу фактілері анықталған.
Депутат Парламент қабырғасында мұндай мәселелердің бірнеше мәрте қозғалса да, нәтиже болмай отырғандығына алаңдаулы.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазпочта» қызметінің сапасы сын көтермейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38767/)