![Шымкентте тоғыз жастағы баланы пойыз қағып кетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71610.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шымкентте «Астана-Сарыағаш» бағытымен келе жатқан жолаушылар пойызы қала маңында тоғыз жасар баланы қағып кетті.
Қайғылы оқиға таңғы сағат 07.30 шамасында болған. Соның салдарынан 3-сыныптың оқушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Төтенше жағдайға байланысты пойыз 10 минутқа тоқтаған.
Қазір оқиға бойынша желілік Ішкі істер қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде.
Айнұр АҚБАЕВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте тоғыз жастағы баланы пойыз қағып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38811/)