![Ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға 5-тен аса операция жасалуы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71620.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әуелі, 27-қаңтар күні Әсемнің омыртқасына денесін бекіту отасы жасалған. Содан соң, 29 қаңтарда бойжеткеннің жамбас сүйегі, сол және оң жақ жіліншек сүйегіне 4 бірдей операция жасалған.
Науқас әзірге аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты әрі ауыр екенін айтады.
Еске сала кетейік, 20-қаңтар күні Жамбыл облысында болған әуе апаты кезінде құтқарушыларға хабар берген Әсем Шаяхметова болатын.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға 5-тен аса операция жасалуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38830/)