![Павлодар қаласының әкімі есеп берді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71632.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов есеп берді. Бұл оның тұрғындармен 6-шы рет кездесуі. Шаһар басшысы алдымен қалаға қарасты ауылдық округтерге барған. Павлодар еліміздегі ең көрікті қалалардың бірі. Сондықтан, тазалық, көріктендіру жұмыстары және қала сәулетіне жұртшылық бей-жай қарамайды. Есепті кездесудегі сұрақтардың басым бөлігі осы мәселелерге арналды. Өткен жылы көпқабатты 37 үйдің аулалары жөнделген. 30-ға тарта балалар ойнайтын алаңдар салынды. «Бюджеттік мүмкіншіліктерді ескере отырып, бұл жұмыстарды жалғастырамыз»,-деді Болат Бақауов.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар қаласының әкімі есеп берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38853/)