![Атырау облысының ауылдық жерлері көркейіп келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71636.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елді мекенде жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында ауқымды істер тыңдырылып келеді.
Атап айтқанда, былтыр ауылдың кіре беріс және ішкі жолдарын жөндеу басталды.
Сондай-ақ, қазынадан арнайы қаржы бөлініп, орта мектеп күрделі жөндеуден өтіп, оның барлық материалды-техникалық базасы жаңартылды. Жергілікті дәрігерлік амбулатория мен клуб жөнделді.
Жалпы, тұрғындар халық алдында есеп берген ауыл әкімінен биыл да түйіткілді мәселелердің нәтижелі орындалуын күтеді.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысының ауылдық жерлері көркейіп келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38860/)