![Павлодарда Ішкі істер бөлімінің бастығы парамен ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71671.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодарда аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы ұсталды.
Ол қарағай ұрлығына қатысы бар деген күдіктілерді қылмыстық жауапкершіліктен құтқарып жібермек болған.
Бұл көмегі үшін 500 мың теңге сұраған. Тіпті, телефон арқылы мәжбүрлеп, ақшаны тез арада тауып беруін талап еткен.
Полиция бастығы пара алып жатқан жерінде ұсталды.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда Ішкі істер бөлімінің бастығы парамен ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38927/)