![Ақтауда отбасыларға арналған жатақхана салынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71698.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жоба құны – 800 миллион теңге. Аумағы 1 гектарға жуық.
Енді Ақтауға қызметке орналасам деп келген отбасылы жандар баспана іздеп әуреге түспейді. Олардың жатақхананы паналауға мүмкіндігі бар. Мұнда 2 және 4 бөлмелі пәтерлер болады.
Ал, ауласында балалар алаңы мен автотұрақ орналасады. Қазіргі таңда қажетті барлық құрылыс жабдықтары дайын.
Бес қабатты жатақхананың құрылысы наурызда басталып, жыл соңында пайдалануға берілмекші.
Жазира ӘБІЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда отбасыларға арналған жатақхана салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38978/)