![Кәсіби көлік жүргізушілер жол қауіпсіздігін сақтауға шақырады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71708.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада кәсіби көлік жүргізушілер бір топ әуесқой жүргізушілерге шеберлік сағатын өткізді.
Бастама халықты жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Еліміздегі жол-көлік оқиғаларының 85 пайызы жүргізуші кінәсінен болады. Соңғы үш жылда жол-көлік оқиғаларының саны 12,8 пайызға, қаза тапқан азаматтар саны 14,9 пайызға азайған.
«Алдағы уақытта мұндай шаралар жиі өткізіледі», дейді ұйымдастырушылар.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кәсіби көлік жүргізушілер жол қауіпсіздігін сақтауға шақырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38997/)