![Ақтауда көз жанарынан айырылған жандар жұмыспен қамтылуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71721.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтауда көз жанарынан айырылған 30-дан астам адам жұмыспен қамтылған.
33 жыл бұрын құрылған Зағиптар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорны оларға жұмыс көзін тауып берді.
Мұнда үш бөлім бар. Атап айтсақ, тігін цехы, қағаз өнімдерін шығаратын орын және мақта цехы.
Қазір кәсіпорында 60-қа жуық өнім түрі өндіріледі. Әсіресе, көрпе-жастық, пошта жәшіктері мен конверттерге сұраныс жоғары.
Жазира ӘБІЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда көз жанарынан айырылған жандар жұмыспен қамтылуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39023/)