![Қостанайдағы әлеуметтік орталық тұрғындарына тегін түскі ас берілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71722.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қостанайдағы тәжік-өзбек бірлестігі облыстағы әлеуметтік орталық тұрғындарына тегін түскі ас берді.
«Шарқ» бірлестігінің құрылғанына биыл - 12 жыл. Осы уақыт ішінде олар көптеген игі іске мұрындық болып, облыстағы танымал қоғамдық ұйымға айналды.
Орталық тұрғындары бірлестіктің өздеріне назар аударып, сый-құрмет көрсеткеніне дән риза.
Қазір әлеуметтік мекемені 111 адам паналап отыр. Олардың 64-і - 18 жасқа дейінгі балалар.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайдағы әлеуметтік орталық тұрғындарына тегін түскі ас берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39025/)