![Солтүстік Қазақстан облысында түскен қардың қалыңдығы жылдық нормадан екі есеге асты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71736.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Осының салдарынан өңірде 1 мың шақырымнан астам жолды қар басты.
Облыс басшылығының араласуымен күре жолдарды тазалау үшін ішкі істер министрлігі аймаққа көмек ретінде 8 техника жіберді.
Қазір ауылдар арасындағы байланысты үзбес үшін 2 мыңнан астам адам жұмыс істеуде.
Бұл мақсатқа 1250 техника жұмылдырылып, қар құрсауында қалғандарды құтқарып, жылыту үшін 315 бекет ұйымдастырылды. Бірақ жолдарды аршуға бұл техника аздық етуде.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстан облысында түскен қардың қалыңдығы жылдық нормадан екі есеге асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39051/)