![Бельгияда Солтүстік-Батыс Еуропадағы ең ірі карнавал өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71820.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дәстүрге сәйкес, жергілікті халық арыстан бейнеленген ала-құла костюм, ағаш аяқ киім киіп, салмағы үш келі болатын зілдей бас киіммен қаланың көшелерін аралап, сауық-сайран құрады.
Әрі, фестивальды тамашалауға келгендерге апельсин лақтырады. Қағып алған адамға осы жыл сәтті болады,-деген сенім бар.
Қызыққа толы карнавалды тамашалап қана қоймай, бірнеше келі тегін апельсин жинап алуға бұл жолы 500 мыңнан астам турист келеді, - деп күтуде ұйымдастырушылар.
Ауқымдылығы мен әсемділігі бойынша фестиваль ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бельгияда Солтүстік-Батыс Еуропадағы ең ірі карнавал өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39212/)