![Қазақстан мен АҚШ қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қойды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71873.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Құжаттың маңыздылығын түсіндірген Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель келісімнен кейін екі елдің құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы әрекет етуде, азаматтардың құқықтарын қорғауда қоян-қолтық жұмыс жасайтынын айтты.
Баса айтатыны, Қазақстан Орталық Азия елдері ішінен алғаш рет АҚШ-пен аталмыш келісімге қол жеткізген мемлекет.
Ендігі кезекте біздің ел қылмыстық істерде өзара құқықтық көмек көрсету мен сотталғандарды экстрадициялауға қатысты америкааралық конвенцияға қосылуға ниетті.
Әлия ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен АҚШ қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қойды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39312/)