Елдің болшағын ойлар қамқоры да, жастарға жөн сілтер ақылгөйі де абыз ақсақалдар. Байқуаныш Сәрсембин Ассамблеяның ұсынысын қолдап, Елбасына хат жолдаған.
«Қазақтың басынан қилы замандар өтті бірақ, біз бүгінде төрт құбыласы тең, алыс – жақын елдермен саяси қарым-қатынас орнатқан әлеуеті зор елміз. Бұның барлығы да сіздің сындарлы саясатыңыздың жемісі»,- делінген хатта. Қарияның бұл тілегін Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған үндеуінде оқып берді.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ