![«Нұр Отан» партиясының XVI съезіне 1200-ден астам делегат қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71952.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Съезіне Қарағанды облысынан 100-ден астам делегат қатысады.
Солардың қатарында Теміртаудағы металлургиялық комбинаттың жұмысшысы Ақан Еспатаев та бар.
Ол келелі саяси жиында 14 мыңға жуық адам еңбек ететін үлкен ұжымның ұсыныс-пікірлерін жеткізбек.
Ақан Еспатаев қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде ол құрышты қаладағы барлық іс-шараларға атсалысып жүр.
Енді еліміздің барлық өңірінен 1200-ден астам делегат жиналатын партияның тарихи Съезіне қатысу мәртебесіне ие болды.
Бұл оның өзіне көрсетілген сенім мен зор жауапкершілік екенін жақсы сезінеді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Нұр Отан» партиясының XVI съезіне 1200-ден астам делегат қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39464/)