![Мәскеу қаласында «Интурмаркет – 2015» атты халықаралық туристік көрме өтіп жатыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72082.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақ елінен көрмеге арнайы ұлттық стенд қойылған. Бұл жерде, шетелдік туристер мен ресейліктер Қазақстан жайлы, еліміздің демалыс орындары туралы жан-жақты ақпарат ала алады.
Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, дәстүрлі музыканы тыңдауға да мүмкіндік бар. Бұл көрме Қазақстанға қыдырып келетін шетелдіктердің санын арттыруға зор ықпал етеді.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеу қаласында «Интурмаркет – 2015» атты халықаралық туристік көрме өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39712/)