![Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі 12 мыңнан астам бала бар](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72099.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеудің заманауи әдістері». Семейде осындай тақырыппен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Оған ел өңірлері мен көршілес Ресейден мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беретін мамандар келді.
Маңызды жиын қаладағы 30 жылдан астам тәжірибесі бар №4 нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатында өтті.
Конференцияға қатысқан педагогтар оқу орнының жетістіктерімен танысып, тәжірибелерімен бөлісті.
Қазір Шығыс Қазақстан облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі 12 мыңнан астам бала бар.
Ержан ЖАҚЫП
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі 12 мыңнан астам бала бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39744/)