![Қабиболла Жақыпов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Чаң Юнсокпен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72155.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жүздесу барысында Мәжіліс Төрағасы Корея Қазақстанның Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі екенін айтып, саяси, сауда-экономикалық саладағы жетістіктерге тоқталды.
Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2 миллиард долларға жуықтаса, қазір Қазақстанда 800-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, спикер оңтүстіккореялық бизнес өкілдерін Астанада өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысуға шақырды.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қабиболла Жақыпов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Чаң Юнсокпен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39852/)