![Ақмола облысының Есіл ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72193.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақмола облысының Есіл ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды.
Енді кәсіпкерлерге құқықтық кеңестен бастап, бизнес-жоспарды іске асыруға дейінгі қажетті көмектер ақысыз көрсетілмекші.
Осылайша, өз ісін бастаушылар үшін де, жұмыс істеп жатқан бизнесмендер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашылмақ.
Бүгінде ауданда 1500-ден астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Бизнес өкілдеріне кең ауқымды қызметтің 20-дан аса түрі көрсетілетін болады.
Сондай-ақ, жиналғандарға мемлекеттік бағдарламалар туралы айтылып, шаруалар үшін қажетті мағлұматтар берілді.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысының Есіл ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39925/)