![Қостанайда «Отандық автоөндіріс балғындардың көзімен!» аты байқау өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72217.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Іс-шараның мақсаты - қанатын кеңге жайып келе жатқан автоөндіріс саласына жас буынның назарын аудару. Үздік деп танылғандары зауытқа шақырылып, машиналардың қалай жасалатынын көруге мүмкіндік алды.
Байқауға өңірдегі 25 мектептен 100-ге тарта оқушы қатысқан. «Құрастыру желілерінде оқушылар заманауи жабдықтармен таныса алады. Осы арқылы олардың болашақ мамандығын таңдауына ықпал етуді көздедік», - дейді ұйымдастырушылар.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайда «Отандық автоөндіріс балғындардың көзімен!» аты байқау өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39972/)