![«Қазпошта» мекемесінің 300-ге жуық бөлімшесі электронды кезек жүйесіне көшеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72228.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жыл соңына дейін «Қазпошта» мекемесінің 300-ге жуық бөлімшесі электронды кезек жүйесіне көшеді. Сондай-ақ, ірі қалаларда жалпы саны 100-ге жуық постамат орнатылады.
Бүгін «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бағдат Мусин трансформациялау бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Мәселен, енді тұрғындар өздеріне жолданған сәлемдемені поштаға бармай-ақ, көшелерде орнатылған постаматтардан ала алады.
Дәл қазіргі уақытта республика бойынша үш мыңнан астам «Қазпошта» мекемесі жұмыс істейді. Оның 70 пайызы ауылды жерлерде орналасқан.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазпошта» мекемесінің 300-ге жуық бөлімшесі электронды кезек жүйесіне көшеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39993/)