![Үлкен Алматы айналма жолы төрт және алты жолақты қозғалысқа арнап салынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72229.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Үлкен Алматы айналма жолын салу транзиттік ағынды қала сыртына шығаруға мүмкіндік береді.
Бүгін Астанада аталмыш жолдың концессиялық жобасын жүзеге асырудың конкурстық конверттері ашылған жиында Премьер- Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осылай деді.
Жоба Алматы қаласын айналып өтетін ұзақтығы 66 шақырым шапшаң жылдамдықтағы ақылы жол болмақ. Сондай-ақ, автомобиль жолын төрт және алты жолақты қозғалысқа арнап салу жоспарланып отыр.
Жобаланған көлік өтімділігі тәулігіне - 38 628 автомобиль. Әзірге конкурсқа қатысуға 9 консорциумнан өтінім келіп түскен.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үлкен Алматы айналма жолы төрт және алты жолақты қозғалысқа арнап салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39995/)