![Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мемлекеттік сатып алулар бойынша 10 конкурс жариялады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72230.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жалпы Ұлттық қордан жер қойнауының келешекті телімдерінде геологиялық барлау жұмыстарының көлемін арттыруға 6 миллиард теңге бөлінген. Оның 1 миллиарды «Қазгеология» АҚ-ға тиесілі.
Ал, 5 миллиард теңге аймақтық геофизикалық зерттеулер жүргізуге, қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатын іздеу жұмыстарына, геотермалды суларға іздестіру-бағалау жұмыстарына жұмсалады.
Комитет мемлекеттік сатып алу жұмыстарының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында конкурстық іріктеу жұмысына бірнеше мемлекеттік орган өкілдерін қатыстырды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мемлекеттік сатып алулар бойынша 10 конкурс жариялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/39997/)