![Ақмола облысында су тасқынының алдын-алу шаралары жүруде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72261.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елорда іргесіндегі Талапкер ауылында су тасқынының алдын-алу шаралары жалғасып жатыр. Өңір әкімдігі ауылды еріген қар суынан тазарту жұмыстарын осыдан бір апта бұрын бастаған. Бүгінге дейін көлемі 11 мың текше су сорылған. Тасқынның алдын-алу жұмыстарына 3 экскаватор, 5 машина мен 2 жүк тиегіш көлігі тартылған.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында су тасқынының алдын-алу шаралары жүруде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40059/)