![Баянауыл ауданындағы Теңдік және Қараащы ауылдарын су басты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72270.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Облыстың Баянауыл, Лебяжі, Май және Шарбақты аудандарында апаттан сақтану жұмыстары күшейтілді. Соған қарамастан Баянауыл ауданындағы Теңдік және Қараащы ауылдарының біраз бөлігін су басқан.
Ондаған үйлердің тұрғындары мен 200-ге тарта төрт түлік қауіпсіз жерге көшірілді. Негізгі қауіп Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданымен шекаралас ауылдарға төніп тұр.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Баянауыл ауданындағы Теңдік және Қараащы ауылдарын су басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40077/)