![Қазақстан халқының саны 17 миллион 458 мыңға жетті - Әлихан Смайылов](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72287.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміздегі орташа жалақы 120 975 теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы мәлімдеді.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, республикада әлеуметтік-экономикалық өсім бар.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 254 миллиард теңгеге жетіп, үш пайызға артқан.
Сонымен қатар, елімізде демографиялық өсім де байқалады. Биылғы жылдың 1 наурызындағы мәлiметке сәйкес, елiмiздегi халық саны 17 миллион 458 мыңға жеткен.
Ләззат БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан халқының саны 17 миллион 458 мыңға жетті - Әлихан Смайылов&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40110/)