![«Менің Қазақстаным» пойызы Риддер қаласына жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72292.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шаһарда 59 мыңға жуық тұрғын бар. 20-ға жуық этнос өкілдері өмір сүреді. Қаланың деңгейі өткен жылмен салыстырғанда моноқалалар арасында 16 қала ішінен 5-ші орынға дейін көтерілген.
Тұрғын үй мәселесі де бір жолға қойылған. Бірақ, дәрігер мамандардың тапшылығы бар. Өңірде кәсіпкерлік жақсы дамыған. 4 мыңнан аса кәсіпкер ел қазнасына пайда әкелуде.
Сол себепті де, Астанадан арнайы келген Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандарына кеңес сұрап келгендер көп болды. Өз тарапынан мамандар келген жұртшылыққа көмектесуден аянып калмады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Менің Қазақстаным» пойызы Риддер қаласына жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40120/)