![Еліміздің су шайған өңірлеріндегі тұрғындардың алғашқы қажеттілігі үшін 1 миллиард теңге бөлінді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72299.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл өңірдегі 40-қа жуық елді мекенді қызыл су шайған. Қазір табиғи апаттан келген шығын көлемі есептелуде.
Бұған қоса еліміздің түкпір-түкпірінен су басқан ауылдардың тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізілуде.
Қайырымдылық шарасымен Қызыл ай қоғамы айналысуда. Кешелі бері Астанадан, Ақтөбе облысынан гуманитарлық көмек келіп жеткен.
Әзірге 2 миллион теңгеден астам қаржының азық-түлік, киім-кешегі мен қолданыс заттары қабылданған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің су шайған өңірлеріндегі тұрғындардың алғашқы қажеттілігі үшін 1 миллиард теңге бөлінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40133/)