Астанада «Балалардың өмірін аман сақтайық» атты іс-шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Балалардың өмірін аман сақтайық» атты іс-шара өтті

18.04.2015
Астанада «Балалардың өмірін аман сақтайық» атты іс-шара өтті

Былтыр елімізде 89 бала көлік апатынан қайтыс болып, екі мыңға жуығы ауыр жарақат алған. «Баланы көлікке арнайы құрылғымен отырғызса, олардың өмірін аман алып қалуға болар еді»,-дейді полиция қызметкерлері. Бүгін астаналық ІІД мен «Авторадио Қазақстан» қызметкерлері бірігіп, «Балалардың өмірін аман сақтайық» деген ұранмен іс-шара өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 12 жасқа дейінгі балаларды көлікке мінгізу туралы заң талабы көпшілік арасында түрлі пікір туғызған болатын. «Бүгінгі акцияның мақсаты - автокреслоның қажеттігіне халықтың назарын аудартып, балалардың өмірін сақтау»,-дейді ұйымдастырушылар.

Хабарламаларға жазылу