![Астанада мемлекетке берешегі бар бірнеше борышкердің көлігі тәркіленді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72324.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астана қаласы Есіл ауданында көлік құралдары салығы бойынша кезекті рейд ұйымдастырылды.
Оның барысында Мемлекеттік кірістер органының өкілдері міндеттемелерді орындамаған көлік жүргізушілеріне әкімшілік айыппұл салып, шетелге шығуға тыйым салды.
Сондай-ақ, мемлекетке берешегі бар бірнеше борышкердің көлігі тәркіленді.
Бүгінде Есіл ауданында 2429 адам көлік салығынан жалтарып жүр. Олар мемлекетке 59,4 миллион теңге берешек.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада мемлекетке берешегі бар бірнеше борышкердің көлігі тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40182/)