![Атырау облысынан Қарағандыға 70 тонна азық түлік пен киім-кешек тиелген автокеруен жөнелтілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72328.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атыраулықтар тасқын зардабын тартқан отандастырымызға 10 тонна ұн, 3 жарым тонна қант, 3 тонна макарон өнімдері және ет пен балық консервілері сияқты басқа да азық - түліктерді жіберді.
Жалпы, мұнайлы өңірден Қарағандыға 70 тонна азық түлік пен киім-кешек және тұрмыстық заттар тиелген автокеруен жөнелтілді.
Қайырымдылық шарасына облыстағы ондаған мекеме-кәсіпорын, сауда орталықтары мен кәсіпкерлер атсалысты.
Айта кетерлігі, облыс бойынша 7 жерде қарағандылықтарға көмек жинау нүктесі ашылып, жұмыс істеуде.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысынан Қарағандыға 70 тонна азық түлік пен киім-кешек тиелген автокеруен жөнелтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40190/)