Жамбыл облысында аула ойындарының іріктеу турларына 10 мың адам қатысқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында аула ойындарының іріктеу турларына 10 мың адам қатысқан

21.04.2015
Жамбыл облысында аула ойындарының іріктеу турларына 10 мың адам қатысқан

Жамбыл облысы көлемінде наурыз айынан бері аула ойындарының іріктеу турлары өтті.

Оған қатысқан он мыңға тарта тұрғындар арасынан 330 үздік ойыншы белгілі болып, финалдық бәсекеде кездесті.

Ойында өзгелерден оқ бойы озып шықандарға бағалы сыйлықтар табысталды.

«Биыл бірінші рет қолға алынып отырған шара жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасатын болады» дейді ұйымдастырушылар.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ, Эльдар БАЙДІЛДӘ

Хабарламаларға жазылу