![Атырауда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 195 отбасыға пәтер берілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72370.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша Атырау қаласындағы Нұрсая ықшамауданында бой көтерген бес тұрғын үйде 195 отбасы қоныс тойын тойлады.
Пәтер кілтіне ие болғандардың қатарында мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, жас отбасылар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар бар.
Сондай-ақ, жаңа пәтер кілті үйлері апатты деп танылған екі отбасыға да берілді.
Жалпы, Атырау облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша мыңдаған тұрғын баспаналы болды.
Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасады.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 195 отбасыға пәтер берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40270/)