![Зырян ауданы мен Өскемен қаласы арасындағы көлік қатынасы жуық арада қалпына келтіріледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72407.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шығыс Қазақстандағы Зырян ауданы мен Өскемен қаласы арасындағы көлік қатынасы бүгін-ертең қалпына келтіріледі.
Қазір республикалық жолға жауапты құзырлы орган Снегирево ауылының маңындағы көпірдің қасынан айналма жол салуда.
Осыдан бірнеше күн бұрын екпінмен аққан су көпірді шайып кеткен еді.
Тасжолдың 149-шы шақырымындағы көпір қасынан айналма жол салу жұмысымен «Қазақавтожол» РМК қызметкерлері айналысуда.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зырян ауданы мен Өскемен қаласы арасындағы көлік қатынасы жуық арада қалпына келтіріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40340/)