![Қазақстанда инвестициялық дауларды қарастыратын соттар құрылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72440.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елімізде инвестициялық дауларды қарастыратын соттар құрылмақ.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин мәлімдеді.
Сондай-ақ, алқа төрағасы судья болғысы келетін үміткерлерге қойылатын талаптың күшейгенін жеткізді.
Енді барлық кандидаттар сот төрелігі институтында магистратура оқиды. Бұдан кейін, 30-32 жасқа толған заңгерлер іріктеліп, 1-ден 3 жыл сынақ мерзімінен өтуі тиіс.
Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда инвестициялық дауларды қарастыратын соттар құрылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40404/)