![Атырау облысының орталығында жүздеген үй судың астында қалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72443.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атырау облысының орталығында бірнеше күн бойы жауған жаңбырдың салдарынан жүздеген үй судың астында қалды.
Қазір Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Арнайы автобазаның 100-ге тарта техникасы көшелер мен аулаларды құрғату жұмыстарымен айналысуда.
Сондай-ақ, облыс әкімінің жетекшілігімен комиссия құрылып, өңірдегі жағдай бақылауға алынды.
Қазіргі уақытта жаңбырдың салдарынан қала көлемінде 200- ге тарта тұрғын үй зардап шегіп отыр.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысының орталығында жүздеген үй судың астында қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40410/)