![ШҚО-да «Мейірім» жобасы аясында 1900-ге жуық бала патронаттық тәрбиеге алынған](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72445.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жетім баланы тек бір отбасы ғана емес, үлкен бір кәсіпорын қамқорлығына алады. Әлеуметтік-патронаттық мекеме баланың қоғамға бейімделуіне, білім алуына, жұмысқа тұруына көмектеседі.
Акция басталғаннан бері облыста 1900-ге жуық бала патронаттық тәрбиеге алынып, олардың есепшоттарына 212 милллион теңге жиналған.
Сонымен қатар, осы жоба аясында 320 жетім бала баспаналы болды. Шара барысында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды бауырына басқандарға алғыс хаттар табыс етілді.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-да «Мейірім» жобасы аясында 1900-ге жуық бала патронаттық тәрбиеге алынған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40414/)