![Астанада «Конфессияаралық келісім – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» атты жиын өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72452.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл 5 мыңнан астам интернет сайты тексеріліп, оның 55-і дін туралы теріс ақпар таратқаны үшін жабылды.
Ал, былтыр азаматтарды дұрыс жолдан тайдыруды көздеген 170 портал әшкереленген. Бұл туралы Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мәлімдеді.
Комитет мамандары былтыр халықаралық 7 мыңнан астам интернет ресурсына мониторинг жүргізген. Қазіргі таңда діни алауыздық тудыратын ақпараттар жіті қадағалануда.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Конфессияаралық келісім – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» атты жиын өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40427/)