![Ақтауда сарбаздар ант қабылдады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72545.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтауда сарбаздар ант қабылдады. Осы көктемде әскер қатарына шақырылған 120 жауынгер Отан алдындағы борыштарын адал атқаруға серт берді.
Олар екі айға жуық әскери өмірдің тәртібін үйреніп, жан-жақты дайындықтан өтеді. Каспий теңізі арқылы бес елмен шектесетін Қазақстанның судағы шекарасын күзету осы сарбаздарға жүктелген.
Антына адал болуға серт еткен ұландарын көріп, салтанатты шараға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен ата-аналар арнайы шақырылған.
Жазира ӘБІЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда сарбаздар ант қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40606/)