![Елтаңбасы авторларының бірі Жандарбек Мәлібеков астаналық оқушылармен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72564.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміздің Елтаңбасы авторларының бірі - Жандарбек Мәлібеков астаналық оқушыларға Тәуелсіздік ұғымын түсіндірді. №9 «Зерде» дарынды балалар мектеп-лицейі оқушыларымен кездесуде сәулетші Елтаңбаның әрбір элементінің мән-маңызына тоқталды.
Егемен еліміздің мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында өткен іс-шарада қылқалам шебері қазақтың киіз үйі – әлемде баламасы жоқ теңдессіз үй құрылысы екендігін жеткізді.
Осындай кездесу №38 мектеп-лицейде жалғасты. Жас толқын мемлекеттік рәміздер туралы толыққанды ақпарат алды. Сондай-ақ, тәрбие сағатында оқушыларға Мәңгілік ел тұжырымдасы түсіндірілді.
Ләззат БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елтаңбасы авторларының бірі Жандарбек Мәлібеков астаналық оқушылармен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40642/)