![Астанада «Interfood Astana-2015» тағам өнеркәсібінің 17-ші халықаралық көрмесі өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72619.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Олар Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Италия, Қытай, Грекия елдерінен келген кәсіпкерлер. Көрмеде 100-ден астам компания өкілдері өз өнімдерін тұтынушыларға ұсынды.
Биыл кондитерлік өнімдер, азық-түлік өндірісіне арналған жабдықтар, мейрамханаларға арналған құралдар, қағаз қаптамаларымен қатар сүт және май-тоңмай өнімдері де қойылды.
Елімізде осындай табиғи сүт өнімдерін өндіретін мынау «РЗА – СҮТ» зауыты «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорны» аталымы бойынша «Алтын сапа-2015» сыйлығын жеңіп алған. Бұл компания Қызылорда облысында бес жыл бойы сүт өнімдерін шығарып, тұтынушының көңілінен шығып жүр.
Ләззат БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Interfood Astana-2015» тағам өнеркәсібінің 17-ші халықаралық көрмесі өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40748/)