![Түркияның Мерсин қаласында еліміздің құрметті консулдығы ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72660.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Құрметті консул қызметін Түрік елінің танымал бизнесмені Ахмет Будан атқаратын болды. Ашылу салтанатына аймақ губернаторы мен мэрі, ұлы ұлттық мәжілістің депутаттары және бизнес элиталары қатысты.
«Құрметті қонсулдық екі ел қарым-қатынасының одан әрі дамуына үлкен үлес қосады»,- дейді Түркиядағы елші Жансейіт Түймебаев. Ол Мерсин аймағының кәсіпкерлерін Қазақстанға инвестиция құюға шақырды.
Бақытжан ОМАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияның Мерсин қаласында еліміздің құрметті консулдығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40825/)