![Қазақстан-Қытай шекарасында Халықаралық автошеру басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72713.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан тарапының қолдауымен Халықаралық автошеру басталды.
Қытаймен шекарадағы «Қорғас» бекетінен бастау алған көліктер керуені 10 күнде Алматы-Бішкек-Джалал-Абад- Душанбе-Қорған-Төбе қалаларын жүріп өтеді.
27 көліктен құралған керуен Ұлы Жібек жолының бір тармағын аралайды. Автошеру Тәжік-Ауған шекарасында аяқталады.
Автокеруеннің 100-ден астам мүшесі жаңа жолдардың сапасын бақылап, сараптама жасамақ. Шара мақсаты - Еуразия кіндігінде орналасқан Қазақстан мен Орталық Азиядағы транзиттік көлік әлеуетін дамыту.
Дәурен ДАРИЯБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан-Қытай шекарасында Халықаралық автошеру басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/40925/)