![Евгений Маслин: Қазақстан ядролық арсеналсыз-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болатынын дәлелдеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_72755.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада төрт күнге созылған «Жаһанға төніп тұрған қауіп-қатерді сейілту. Қазақстан тәжірибесі» атты халықаралық жиын аяқталды.
Басқосуда Қазақстан, АҚШ және Ресей ғалымдары мен саясаттанушылары жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына жол бермеу мәселелерін талқылады.
Ең қызу талқыланған тақырып - ядролық арсеналдан арылу мәселесі.
«Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы - стратегиялық тұрғыдан ең дұрыс шешім. Мемлекет ядролық арсеналсыз-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге боларын дәлелдеді», дейді РФ Қорғаныс министрлігінің ядролық арсеналдың қауіпсіздігін сақтауға жауапты 12-ші бас басқармасының бұрынғы бастығы Евгений Маслин.
Нұрбек БЕКБАУ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Евгений Маслин: Қазақстан ядролық арсеналсыз-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болатынын дәлелдеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/41006/)